Сот залынан
Аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандар құрықталды

 Ағымдағы жылдың 28-қаңтарында Қаражал қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 259 бабының 1-1 бөлімі бойынша, яғни аса ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін айыпталған азамат И. мен азамат П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Республика аумағында болу ережелері бұзылған

 Қарқаралы аудандық ІІБ қызметкерлерімен өткізілген рейдтік шаралар барысында Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған, яғни  ҚР ӘҚБК-нің 394 бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Өзбекстан Республикасының 5 азаматы ұсталды.

Сот актісін орындау керек

 2014 жылдың 27 қаңтарында Жезқазған қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Р.-ге  қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот  мәжілісінде анықталғандай, Қарағанды облысының сот актілерін орындау Департаментінің Жезқазған аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы борышкер Р.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

   2014 жылдың 25-қаңтарында Қазыбек би аудандық сотымен «Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы Басқармасы» ММ-нің басшысы мен «Еңбек инспекциясының Жезқазған бөлімі» ММ-нің басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.




Оқиғалар деректері
13.02.2014 ж.

2014 жылдың 13-ақпанында Қарағанды облыстық сотында пленарлық отырысы өтті. Күн тәртібінде судьялар А.Н. Ахпанова мен В.Д. Марковичтің отставкаға шығу құқықтарын бекіту туралы сұрақтар қаралды.
Судья А.Н. Ахпанованың судьялық еңбек өтілі 22 жылдан астам. Осы лауазымда қызмет атқарған уақыттан бері өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандығы үшін бірнеше мәрте алғыс жарияланып, облыстық соттың төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.  
Судья В.Д. Марковичтің судьялық еңбек өтілі 31 жыл. Осы лауазымда қызмет атқарған уақыттан бері өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандығы үшін Судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының Құрмет грамотасымен, облыстық соттың төрағасының, ҚР Судьялар Одағының Орталық Кеңесінің және Қарағанды облысының Әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.   
Аталмыш судьялардың сот жүйесіндегі мінсіз қызметі мен көпжылғы еңбектерін есепке ала отырып, пленарлық отырыста отставкаға шығу құқықтарын бекіту туралы материалдарды сот жюриіне жіберуге бірауыздан шешім қабылданды.
       
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы

28.01.2014 ж.

   2014 жылдың 28-қаңтарында Қарағанды облыстық сотында мәжіліс аралық отырыс болып өтті. Отырыс облыстық соттың төрағасы Е. Серекбаевтың, апелляциялық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының м.а. К. Әлжіков, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа төрағасының м.а. Н. Батаева, сонымен қатар, облыстық сот судьялары қатысты. Сот шешімдерін орындаудың тәртібі мен тәсілін өзгеру туралы өтініштерді соттарда қарау тәжірибесі жөнінде облыстық сот судьясы Қ. Айтжанов қорытындылап өтті.  Аталмыш қорытуды аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының қатысуымен өтетін кеңесте талқылауға тапсырылды. Күн тәртібіне сәйкес, Абай аудандық сотының жұмыс жағдайы жайлы сұрақ талқыланып, осы сотқа практикалық көмек көрсету мақсатында 2014 жылдың 2-тоқсанында өткізу тапсырылды.  Сонымен қатар, облыстық соттың судьясы Б. Касенова тұрғын үй даулары бойынша өтпелі топтың жұмысы жайлы есеп берді. Аталған санаттағы істерді қарау тәжірибесі бір қалыпқа түсірілді. Соттың оң тәжірибесі  ұсынымдық сипаттағы ақпараттық хаттарда толық қамтылған. Өткен жылда аталмыш топпен 15 ақпараттық хат құрылған. Өтпелі топтың жұмысы ай сайын осындай отырыстарда талқыланады. Отырыстың соңында қатысушыларға қызметтерін жандандырып жетілдіре түсулеріне жалпы ұсыныстар айтылды.   

 

 

 

 

 

23.12.2013 ж.

2013 жылдың 28-желтоқсанында Қарағанды облысық сотында мәжілісаралық отырыс болып өтті. Алқалы жиынға облыстық сот төрағасы, алқа төрағалары, облыстық сот судьялары,  құрылымдық бөлімдердің басшылары мен аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Күн тәртібінде «Орталық-транс» ЖШС-тің ісі бойынша ҚР Жоғарғы Сотының ескерту-хатына сәйкес жүргізілген тексерістің нәтижесі туралы; Қарағанды облысы бойынша ауданаралық экономикалық сотында жүргізілген азаматтық істер бойынша сот мәжілісінің хаттамасын толтыру кезінде дыбыс-бейне жазу жүйесін қолдануды тексеру нәтижелері туралы; 2013 жылдың 10 айы бойынша ҚР АІЖК-нің 249-бабының 6), 7)-тармақтарына сәйкес қараусыз қалдырылған азаматтық істер бойынша талдау, облыстық соттың экономикалық құрамының 2013 жылдың қараша айының қорытындысы, сот мониторингінің жұмысы туралы сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалып, алдағы уақытта көрсетілген кемшіліктерге жол бермеу ескертіліп, сот қызметінің жұмысын әрі қарай жетілдіру үшін жалпы ұсыныстар айтылды.

23.12.2013ж.

   2013 жылдың 23-желтоқсанында Қарағанды облыстық сотының Консультативтік Кеңесінің отырысы болып өтті. Оның жұмысына облыстық соттың төрағасы Е. Серекбаев, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрайымы Ж. Сейдалина, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасы Е. Әріпов, облыстық сот судьясы Қ. Шағатаев, Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ш.Әбдіров қатысты.  Консультативтік Кеңестің маңызды міндеті – құқыққолдау тәжірибесінде кездесетін көкейкесті сұрақтарға консультативтік көмек көрсетіп, ұсыныстық сипаттағы ақпараттық хаттар дұрыс сот тәжірибесінің қалыптасуына септігін тигізеді.
    Күн тәртібіне Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ш.Әбдіров әзірлеген «Бұрынғы ерлі-зайыптылардың жылжымайтын мүлкін бөлген кездегі талап қою мерзімін қолдану» туралы ақпараттық хатының жобасы қойылды. Талқылау барысында, қатысушылар аталмыш ақпараттық хаттың жобасын қайта өңдеуге жіберуге шешім қабылдады.



  • Басты

Қарағанды облыстық сотының сайтына қош келдіңіздер!



10-03-2012, 21:35

    Қарағанды облыстық соты, қоғамдық ортамен және  бұқаралық ақпарат құралдарымен сұхбатын нығайту мақсатында, ашықтық пен жариялық қағидасын басшылыққа алады. Заң мен судьяны құрметтеу жоғары құқықтық мәдениеттің қалыптасуы мен  құқықтық санадан бастау алады. 

    Біздің сайт, сот жүйесінің  беделін нығайтуға, азаматтарды құқықтық тұрғыдан  тәрбиелеуге, бұқараға  облыс соттарының және сот қызметіне қатысты ақпараттардың қолжетімділігін арттыруға  бағытталған. Аталмыш  жаңартылған сайтта   әділ сот  органдарының қызметімен байланысты өзекті, маңызды және сапалы ақпараттар үнемі  үлестіріледі. Сіздер жедел арада сот өндірісінде қаралып жатқан істерге, сот қауымдастығымен өткізілген шаралар туралы, сот тарихына қатысты  мардымды ақпараттарды, облыстық соттың  және оның кеңсесіне қатысты сүбелі ақпараттарды толық қамти аласыздар.

     Сіздерге  осы ғаламтор маңызды және пайдалы ақпараттарды  қамтамасыз етуде үлкен септігін тигізеді деген сенімдеміз!

 

     Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

Қарағанды облыстық соты төрағасының көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтауы



5-03-2014, 12:27

Қарағанды облыстық соты төрағасының көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтауы                                                             

                                                               Қадірлі әріптестер!
                                                               Қымбатты арулар!
 
       Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

        Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Асыл аналар мен аруларымыз жарқын әлемде   нәрестеге өмір сыйлап, болашақ ұрпағымызға бағасы жоқ асыл қасиеттерді бойына сіңдіріп, қылқалам шеберлері – ақындарымыз бен суретшілерімізге шабыт беріп, әрдайым теңдесі жоқ сұлулығымен мына ғаламға шуақ шашып келеді. Бұл көгілдір көктемнің шуақты мерекесінің алғашқы күні Жер-ана көктеп, дүние сан мың құлпыра түсетіні тегін емес. Құрметті ханымдар мен арулар! Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр  үйдің, отбасының, Отанның мерейі дей отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін!

                                                                                                                               Е. Серекбаев,

                                                                                                                               Қарағанды облыстық сотының төрағасы

 


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

Қарағанды облысы бойынша МАҚС-да өткен азаматтарды көшпелі қабылдау шарасы



3-03-2014, 09:40

Қарағанды облысы бойынша МАҚС-да өткен  азаматтарды көшпелі қабылдау шарасы2014 жылдың 26-ақпанында Қарағанды облысы бойынша мамандандырылға ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Қарағанды облыстық сотының төрағасы Е.Серекбаевтың, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е. Әріповтың, облыстық сот судьялары Р. Серғазинаның, Р. Нұрмұханованың және «Қарағанды облыстық соты Кеңсесі» ММ-нің басшысы Д. Құсбековтың қатысуымен азаматтарды көшпелі қабылдау шарасы өткізілді. Аталмыш шара облыстық соттың БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жоспарының аясында ұйымдастырылған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де осы шараға арнайы шақыртылды.


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Бекназаров Қарағанды облыстық сотына іссапармен келді



27-02-2014, 19:03

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Бекназаров  Қарағанды облыстық сотына іссапармен келді2014 жылдың 21-ақпанында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Бекназаров Қарағанды облысы бойынша судьялыққа үміткерлермен кездесті. Судьялыққа үміткеркер 40-тан астам жандармен сұхбаттасу, сонымен қатар, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Е. Серекбаевтың, судьялар әдебі жөніндегі комиссияның мүшесі, судья Г.Ибраеваның, Қазыбек би аудандық сотының судьясы К.Нұрмағанбетованың және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі Л. Недзвецкийдің қатысуымен өтті.

 

 

 

 


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

Кадрлық толықтырулар



24-02-2014, 10:48

Кадрлық толықтыруларАғымдағы жылдың 24-ақпанында Қарағанды облыстық сотында болып өткен жиналыста сот төрағасы Е, Серекбаев ҚР Президентінің 2014 жылдың 18-ақпанындағы «Қазақстан Республикасы соттарының алқа төрағаларының, сот төрағаларының лауалымнан босатылуы туралы және лауазымға тағайындалуы туралы» № 754 Жарлығына сәйкес  тағайындалған облыстық соттың жаңа судьясымен таныстырды. Көміртасова Қымбат Көміртасқызы Қарағанды облыстық сотының судьясы лауазымына Ақмола облыстық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып тағайындалды.


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

БАҚ-мен өткен арнайы брифинг



20-02-2014, 13:38

БАҚ-мен өткен арнайы брифингҚарағанды облыстық сотында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасын жасаған Ербол Сабитовқа қатысты қылмыстық істің қысқартылу фактісі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арналған арнайы брифинг өткізілді. Әрі қарай баспасөз-хабарламасының мәтінімен...


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

Мерейтой иесін құттықтады



20-02-2014, 10:11

Мерейтой иесін құттықтадыБүгін Қарағанды облыстық сотының судьясы Әбдіәшім Әлжаппарұлы Сәлин 60 жасқа толды. Осы торқалы тоймен мерейтой иесін облыстық соттың ұжымы атынан сот төрағасы Е. Серекбаев шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тіледі.


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

Отбасы заңнамасының көкейкесті сұрақтары



18-02-2014, 09:44

Отбасы заңнамасының көкейкесті сұрақтары2014 жылдың 14-ақпанында Қарағанды облыстық сотының Оқу орталығында «Отбасы заңнамасының көкейкесті (неке бұзу, баланың тұрғылықты жерін анықтау) сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның модераторы – облыстық соттың судьясы А. Манахова. Сонымен қатар, дөңгелек үстелдің жұмысына мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі соттың судьялары А. Шаймерденова, М. Кушакова, Қазыбек ауданының прокурорының көмекшісі Г.Танауов, қамқоршылық және қорғаншылық органының бсшысы А. Исахова, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы президиумының адвокаттары, Қазыбек би аудандық АХАЖ бөлімінің басшысы Г. Билисбековалар қатысты.


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

Мемлекеттік тілдің тұғырын нығайту мақсатында



13-02-2014, 15:04

Мемлекеттік тілдің тұғырын нығайту мақсатында1997 жылдың 11-шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының және тіл тұғырын нығайту мақсатында қабылданған басқа да құжаттардың орындалуына бар ынта-жігерін салып жүргендердің бірі – Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының  ұжымы. Ағымдағы жылдың ақпан айының 06-жұлдызында  осы соттың судьясы Гүлсім Зеймолдақызы Базылованың төрағалық етуімен Қарағанды қаласының Әкімі аппаратының, Октябрь ауданы бойынша Салық басқармасының, екінші деңгейлі банктер, сондай-ақ, жергілікті коммуналдық қызмет көрсету мекемелері өкілдерінің және қорғаушылардың қатысуымен «Азаматтық істерді мемлекеттік тілде қарау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Бұдан әрi

  • Жаңалықтар мен оқиғалар

Ынтымақтастық туралы меморандум



11-02-2014, 18:15

Ынтымақтастық туралы меморандум2014 жылдың 11-ақпанында Қарағанды облыстық сотының атынан сот төрағасы Е.К. Серекбаев бір жағынан және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің  ректоры Е.К. Көбеев, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің ректоры Е.Б. Аймагамбетов, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды Академиясының басшысы Д.Т. Кенжетаев, «Орталық Қазақстандық Академия» ЖМ-нің ректоры Б.Ж. Жүнісов, «Болашақ» Қарағанды Университетінің ректоры К.Н. Меңлібаевтар екінші жағынан Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Бұдан әрi

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 70
Назад Вперед Наверх





Қарағанды облыстық соты төрағасыны4 блогы
Электронды бақылау ісін жүргізу
Есептегіш


Есептегіш
Понедельник382
Вторник367
Среда350
Четверг321
Пятница287
Суббота228
Воскресенье204

Всего хитов:2965
Было всего:173300
Рекорд:506


Телефон доверия в Верховном Суде Республики Казахстан:

8(7172) 74-79-79



Қарағанды облыстық сотының ресми сайты

Create Studio MIXcompany MIXcompany