Сот залынан
Аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандар құрықталды

 Ағымдағы жылдың 28-қаңтарында Қаражал қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 259 бабының 1-1 бөлімі бойынша, яғни аса ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін айыпталған азамат И. мен азамат П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Республика аумағында болу ережелері бұзылған

 Қарқаралы аудандық ІІБ қызметкерлерімен өткізілген рейдтік шаралар барысында Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған, яғни  ҚР ӘҚБК-нің 394 бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Өзбекстан Республикасының 5 азаматы ұсталды.

Сот актісін орындау керек

 2014 жылдың 27 қаңтарында Жезқазған қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Р.-ге  қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот  мәжілісінде анықталғандай, Қарағанды облысының сот актілерін орындау Департаментінің Жезқазған аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы борышкер Р.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

   2014 жылдың 25-қаңтарында Қазыбек би аудандық сотымен «Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы Басқармасы» ММ-нің басшысы мен «Еңбек инспекциясының Жезқазған бөлімі» ММ-нің басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.




Оқиғалар деректері
13.02.2014 ж.

2014 жылдың 13-ақпанында Қарағанды облыстық сотында пленарлық отырысы өтті. Күн тәртібінде судьялар А.Н. Ахпанова мен В.Д. Марковичтің отставкаға шығу құқықтарын бекіту туралы сұрақтар қаралды.
Судья А.Н. Ахпанованың судьялық еңбек өтілі 22 жылдан астам. Осы лауазымда қызмет атқарған уақыттан бері өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандығы үшін бірнеше мәрте алғыс жарияланып, облыстық соттың төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.  
Судья В.Д. Марковичтің судьялық еңбек өтілі 31 жыл. Осы лауазымда қызмет атқарған уақыттан бері өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандығы үшін Судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының Құрмет грамотасымен, облыстық соттың төрағасының, ҚР Судьялар Одағының Орталық Кеңесінің және Қарағанды облысының Әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.   
Аталмыш судьялардың сот жүйесіндегі мінсіз қызметі мен көпжылғы еңбектерін есепке ала отырып, пленарлық отырыста отставкаға шығу құқықтарын бекіту туралы материалдарды сот жюриіне жіберуге бірауыздан шешім қабылданды.
       
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы

28.01.2014 ж.

   2014 жылдың 28-қаңтарында Қарағанды облыстық сотында мәжіліс аралық отырыс болып өтті. Отырыс облыстық соттың төрағасы Е. Серекбаевтың, апелляциялық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының м.а. К. Әлжіков, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа төрағасының м.а. Н. Батаева, сонымен қатар, облыстық сот судьялары қатысты. Сот шешімдерін орындаудың тәртібі мен тәсілін өзгеру туралы өтініштерді соттарда қарау тәжірибесі жөнінде облыстық сот судьясы Қ. Айтжанов қорытындылап өтті.  Аталмыш қорытуды аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының қатысуымен өтетін кеңесте талқылауға тапсырылды. Күн тәртібіне сәйкес, Абай аудандық сотының жұмыс жағдайы жайлы сұрақ талқыланып, осы сотқа практикалық көмек көрсету мақсатында 2014 жылдың 2-тоқсанында өткізу тапсырылды.  Сонымен қатар, облыстық соттың судьясы Б. Касенова тұрғын үй даулары бойынша өтпелі топтың жұмысы жайлы есеп берді. Аталған санаттағы істерді қарау тәжірибесі бір қалыпқа түсірілді. Соттың оң тәжірибесі  ұсынымдық сипаттағы ақпараттық хаттарда толық қамтылған. Өткен жылда аталмыш топпен 15 ақпараттық хат құрылған. Өтпелі топтың жұмысы ай сайын осындай отырыстарда талқыланады. Отырыстың соңында қатысушыларға қызметтерін жандандырып жетілдіре түсулеріне жалпы ұсыныстар айтылды.   

 

 

 

 

 

23.12.2013 ж.

2013 жылдың 28-желтоқсанында Қарағанды облысық сотында мәжілісаралық отырыс болып өтті. Алқалы жиынға облыстық сот төрағасы, алқа төрағалары, облыстық сот судьялары,  құрылымдық бөлімдердің басшылары мен аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Күн тәртібінде «Орталық-транс» ЖШС-тің ісі бойынша ҚР Жоғарғы Сотының ескерту-хатына сәйкес жүргізілген тексерістің нәтижесі туралы; Қарағанды облысы бойынша ауданаралық экономикалық сотында жүргізілген азаматтық істер бойынша сот мәжілісінің хаттамасын толтыру кезінде дыбыс-бейне жазу жүйесін қолдануды тексеру нәтижелері туралы; 2013 жылдың 10 айы бойынша ҚР АІЖК-нің 249-бабының 6), 7)-тармақтарына сәйкес қараусыз қалдырылған азаматтық істер бойынша талдау, облыстық соттың экономикалық құрамының 2013 жылдың қараша айының қорытындысы, сот мониторингінің жұмысы туралы сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалып, алдағы уақытта көрсетілген кемшіліктерге жол бермеу ескертіліп, сот қызметінің жұмысын әрі қарай жетілдіру үшін жалпы ұсыныстар айтылды.

23.12.2013ж.

   2013 жылдың 23-желтоқсанында Қарағанды облыстық сотының Консультативтік Кеңесінің отырысы болып өтті. Оның жұмысына облыстық соттың төрағасы Е. Серекбаев, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрайымы Ж. Сейдалина, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасы Е. Әріпов, облыстық сот судьясы Қ. Шағатаев, Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ш.Әбдіров қатысты.  Консультативтік Кеңестің маңызды міндеті – құқыққолдау тәжірибесінде кездесетін көкейкесті сұрақтарға консультативтік көмек көрсетіп, ұсыныстық сипаттағы ақпараттық хаттар дұрыс сот тәжірибесінің қалыптасуына септігін тигізеді.
    Күн тәртібіне Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ш.Әбдіров әзірлеген «Бұрынғы ерлі-зайыптылардың жылжымайтын мүлкін бөлген кездегі талап қою мерзімін қолдану» туралы ақпараттық хатының жобасы қойылды. Талқылау барысында, қатысушылар аталмыш ақпараттық хаттың жобасын қайта өңдеуге жіберуге шешім қабылдады.



  • Мұрагерлік құқық


Мен өсиет бойынша мұраны әкенiң өлiмiнен кейiн ресiмдедiм. Нотариус, менің мұрам бойынша жұмыс істейтін, басқа нотариустардан қалған мұрагерлердi тексеруде мен біршама уақыт жоғалтамын. Нотариустың осы іс-әрекеті заңды ма?

Бұл басқа мұрагерлердің пайда болып, басқа нотариустардың көмегіне жүгініп немесе басқа өсиеттің пайда болуына байланысты өсиеттің бұзылуы немесе өзгеру мүмкіндігін білдіреді. Сондықтан нотариустың іс-әрекеті заңды. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 72-бабына сай, нотариус өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, өсиеттiң бар-жоғын, мұраның ашылған уақыты мен орнын, мұралық мүлiктiң құрамын және тұрған орнын тексередi. Нотариус сонымен бiрге мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар адамдар тобын анықтайды. Қазақстан Республикасының АК-нің 1069-бабының 1-бөліміне сай, мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемiнде жартысын мұраға алады.

Нотариустар нелiктен мұра ашу үшін газетке хабарлауды талап етедi? Нотариустардың бұл іс-әрекеттері заңды ма?

14.07.1997 жылғы Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 30-бабына сай, ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жерi немесе жұмыс орны өзiне белгiлi мұрагерлердi бұл туралы хабардар етуге мiндеттi. Егер мұрагерлердiң тұрған жерi немесе жұмыс орны белгiсiз болса, нотариус мұраның ашылғандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлама бере алады.

Есепке алатын орган нелiктен мұраның қабылдануын анықтау туралы сот шешiмдерiн тiркеуге қабыл алмайды? Бұл құжаттар шынымен заң орнатушы құжаттарына сай келмейдi ме?

Қазақстан Республикасының АК-нің 118-бабының 1-3-бөлімдеріне және 155-бабының 1-бөлімдеріне сай, қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады. Егер заңнамалық актілерде өзгеше көз­делмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мем­лекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресім­делуге тиіс және заңнама талаптарының бұзы­луына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 71-бабына сай, нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, мұраның ашылған уақыты мен жерiн, мұраға құқық туралы куәлiктiң берiлуi жөнiнде өтiнiш берушi адамдарды заң бойынша мұраны иелену үшiн негiз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық мүлiктiң құрамы мен тұрған орнын тексередi. Егер заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң мұраны иеленуге тарту үшiн негiз болып табылатын айғақтарды табыс етуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған және мұндай айғақтарды табыс еткен басқа мұрагерлердiң бәрiнiң келiсiмiмен мұраға құқық туралы куәлiкке енгiзiлуi мүмкiн.

 



Қарағанды облыстық соты төрағасыны4 блогы
Электронды бақылау ісін жүргізу
Есептегіш


Есептегіш
Понедельник382
Вторник367
Среда350
Четверг18
Пятница287
Суббота228
Воскресенье204

Всего хитов:60
Было всего:172997
Рекорд:506


Телефон доверия в Верховном Суде Республики Казахстан:

8(7172) 74-79-79



Қарағанды облыстық сотының ресми сайты

Create Studio MIXcompany MIXcompany